Айдын Дүйсенбайқызы (15 наурыз, 1991 жылы туған, Қарағанды облысы) — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның кеңесшісі. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарушы директоры (2023—2026).
Еңбек жолы 2012 - 2016 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Веб-ресурстар бөлімінің веб-сайт редакторы; 2016 - 2019 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Интернет-редакциясының шеф-редакторы; 2019 - 2021 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаменті Интернет редакциясының жетекшісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы; 2021-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінің директоры; 2023-2026 жж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры. 2026 жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның кеңесшісі.Айдын Дүйсенбайқызының Facebook желісіндегі жазбасы
Білімі 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасын бітірген; 2021 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын тәмамдаған.
Дереккөздер