Қазақтеңізкөлікфлоты — Ақтау қаласында орналасқан қазақстандық мемлекеттік компания. Компанияның міндеті — ұлттық сауда флотын құру және дамыту.

«Қазтеңізкөлікфлотына» екі еншілес кәсіпорны «Kazmortransflot Ltd.» және Маңғыстау облысының «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС кіреді.

Компанияның негізгі қызметі мұнай және құрғақ жүктерді тасымалдау және басқа да ілеспе қызметтер болып табылады.

2009 жылдың сәуірінде «Қазтеңізкөлікфлоты» Төменгі Новгородтағы ресейлік «Красное Сормово» кеме жасау зауытынан үш танкерге тапсырыс берді, олар 2009 жылдың қыркүйегі мен 2010 жылдың мамыры аралығында жеткізілді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан компаниялары Санат:Ақтау