«Червона рута» — украиналық сазгер әрі ақын Владимир Ивасюк жазған эстрадалық ән.

«Песня-71» атты алғаш рет өткізілген Бүкілодақтық кеңестік әннің телефестивалінде бұл туынды лауреат атанды.

Ән бүкіл әлемге таралып, соңғы қырық жылда супер-хит болып айтыла берді.Песни Владимира Ивасюка. Частина 1. Пісня буде поміж нас. // www.UMKA.com.ua

«Червона рута» София Ротаруның репертуарындағы таңдамалы әндердің бірі. Оның 1972 жылы шыққан тұңғыш альбомындағы алғашқы композиция.

Тарихы Владимир Ивасюк бұл әнді 1970 жылы, Черновцы медициналық институтында студент болып жүрген кезінде шығарды.Пісні «Червона рута» виповнюється 45 років // Радiо Свобода Өлеңде жігіт қызын аңыздық червона рута шөбін іздемеуді сұрайды, себебі оның күшінсіз-ақ ол оған ғашық болғанын айтады.

Тұсаукесері «Жақсы көңіл-күйдің камертоны» деген бағдарламада өтті. Әнді автордың өзі орындады, қайырмасында музыка педагогы Елена Кузнецова қосылып айтты. Сондай-ақ студияға Валерий Громцев басқаруындағы «Карпаты» инструменталды ансамблі шақырылды.

Кейін әнді ВИА «Смеричка» орындай бастады. «Песня-71» телевизиялық фестивалінің финалында оны Владимир Ивасюк және «Смеричканың» солистері Василий Зинкевич пен Назарий Яремчук орындады. Сүйемелін Юрий Силантьев басқаруындағы Бүкілодақтық радионың және КСРО Орталық телевидениесінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі ойнап шықты.

1971 жылы «Укртелефильм» студиясы «Червона рута» атты қысқаметражды телефильм түсірді. Онда басты рөлдерде София Ротару мен Василий Зинкевич ойнады. Сол жылы Черновцы облысының филармониясы қарамағында «Червона рута» атты вокалды-инструменталдық ансамбль құрылды. Осы ансамбльмен бірге София Ротару өзінің алғашқы бүкілодақтық гастрольдерін бастады.

1972 жылы «Мелодия» бүкілодақтық күйтабақ шығаратын фирмасы Ротарудың орындауындағы 13 әнді қамтитын «Червона рута» атты альбомды шығарды.

Танымал орындаушылар Владимир Ивасюк және Е. Кузнецова һәм ВИА «Карпаты» ВИА «Смеричка» София Михайловна Ротару Ярослав Александрович Евдокимов Вахтанг Константинович Кикабидзе Богдан Косопуд Олег Ухналёв Богдан Титомир «Басты нәрсе туралы ескі әндер» телефильмінде «Танок на Майдані Конго» тобы және Ротару Руслана «Славян базарында» Таисия Повалий Ани Лорак Тарас Чубай ВИА «Самоцветы» Захар Май ВИА «No-To-Co», Польша Анна Седокова Бьянка «Golem» тобы, Нью-Йорк Турецкий хоры Тото Кутуньо

Дереккөздер

Сілтемелер Ивасюк сайтындағы ақпарат

Санат:София Ротаруның әндері Санат:Владимир Ивасюк жазған әндер Санат:1970 жылғы әндер Санат:1972 жылғы әндер