Ерлан Асқарұлы Татимов - (1966 жыл 8 сәуір) Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. Туған жері Ерлан Асқарұлы Татимов 1966 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бүржар совхозының Жамбыл учаскесінде көп балалы отбасында дүниеге келген. 1982 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектебін бітірді. Білімі ● 1985 жылы - Шымкент медицина училищесі;

● 1988 жылы - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, "Емдеу ісі" факультеті;

● 1994 жылы - интернатура;

● 1998 жылы - нейрохирургия бойынша клиникалық ординатура;

● 2012 жылы - "Дүние" Ақтөбе әлеуметтік-техникалық университеті, "Есеп және аудит" мамандығы.

Еңбек жолы ● 1985 жылы - Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрігерінің көмекшісі;

● 2001 жылы - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы орталық аудандық аурухананың бас дәрігері;

● 2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық қан орталығының директоры;

● 2004-2011 жылдары - Ақтөбе қалалық №2 емхананың бас дәрігері;

● 2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;

● 2012-2020 жылдары - Ақтөбе облысы туберкулёзға қарсы диспансердің бас дәрігері;

● 2020 жылдан бастап Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері.

Ғылыми еңбектері Мынадай мақалалары бар:

● 2014 жылы - "Анализ госпитальной смертности в период 2011-2013 гг. по Актюбинскому областному противотуберкулёзному диспансеру";

● 2015 жылы - "Современные подходы в организации противотуберкулёзной помощи населению Актюбинской области";

● 2017 жылы - "О ходе выполнения программы интегрального контроля туберкулёза в Актюбинской области".

Марапаттары ● "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісі;

● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтолық медаль;

● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтолық медаль;

● "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтолық медаль;

● "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісі;

● "Шапағат" медалі;

● ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты;

● ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаты;

● "Алтын Қыран" төс белгісі;

● "Үздік депутат" төс белгісі. Отбасылық жағдайы Отбасылы. Әйелі, 2 баласы, немересі бар.

Санат:1966 жылы туғандар Санат:Оңтүстік Қазақстан облысында туғандар Санат:Дәрігерлер