Наталья Николаевна Годунова (24 мамыр 1972, Орал) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы. 2018–2024 жылдары Есеп комитеті мен Жоғары аудиторлық палата төрайымы, 2024–2026 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры.
Білімі Годунова Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген. Ол — Экономика ғылымдарының кандидаты.
Мансабы Еңбек жолын Годунова 1993 жылы «Орал» агроөнеркәсіпбанкте» экономист болып бастаған.
1997–2005 жылдары Годунова Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2005–2006 жылдары ол — Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілідігінде кеңесші-экономист.
2006–2009 жылдары ол Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2009–2011 жылдары ол — Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары, міндетін атқарушы.
2012–2013 жылдары ол — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2013–2015 жылдары Годунова Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, экономика, қаржы және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік етті.
2015–2017 жылдары ол — Нұр Отан партиясының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының мүшесі.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап ол — Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
2018 жылғы ақпаннан бастап ол — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы.
Қазақстан президентінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №9 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы болып тағайындалды. 2024 жылғы 1 сәуірде лауазымынан босатылды.
2024 жылғы 4 сәуірде Самұрық-Қазына шешімімен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры болып сайланды.Наталья Годунова «Қазақстан теміржолы» ҰК тәуелсіз директоры болып сайланды
2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанды. 28 тамыз күні Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы болып сайланды.Құрылтайда қандай комитеттер құрылды және оларды кім басқарды
Марапаттары Годунова Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен (2008), Құрмет (2016), Парасат (2021) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары