Эльвира Әбілхасымқызы Азимова (15 ақпан 1973 жыл, Жамбыл қаласы) — қазақстандық заңгер және саясаткер, 2023 жылдан бастап Конституциялық Сот төрайымы.

Білімі Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген (1996).

Мансабы 1996—1999 жылдары Әділет министрлігінде Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, бас консультанты болып жұмыс істеді.

1999—2005 жылдары Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2005—2010 жылдары Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменті басшысы.

2010—2013 жылдары Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болды.

2013—2019 жылдары Әділет министрінің орынбасары болды.

2019—2022 жылдары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Конституциялық Сот Төрағасы лауазымына тағайындалды. Қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісті.

2026 жылы ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға жетекшілік етті.Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы

Қосымша қызметтері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (2021–2023); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2014–2022); Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрағасы (2026).

Марапаттары «Құрмет» ордені (2013), II дәрежелі «Достық» ордені (16.12.2021), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012) I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» (08.05.2015), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019) Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.Азимова Эльвира Әбілхасымқызы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Конституциялық Соты төрағалары