Жаңа адамдар () — ресейлік саяси партия. 2020 жылы құрылған бұл партия өзін либералдық дейді, бақылаушылар оны центристік, оңшыл центристік деп сипаттайды.
Партияның Біртұтас Ресейдің бірнеше заң жобасына қарсы шыққанына қарамастан ол Владимир Путиннің билігіне қарсы шықпайды, не оны жартылай қолдайды. Сол және басқа да себептерден Жаңа адамдар партиясын сыншылар жастардың даусын өзіне жинайтын спойлер-партия дейді.
Жаңа адамдар партиясын Faberlic косметика компаниясының негіздеушісі Алексей Нечаев басқарады.
2021 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 5,46 % жинады да, Мемлекеттік думада 13 мандатқа ие болды.
Тарихы нобай|солға|Қаржы министрі Антон Силуановпен кездесуі кезіндегі партия фракциясы, 2021 жыл
Алексей Нечаев партияның құрылуын 2020 жылғы қаңтарда жария етті.
2020 жылғы 1 наурызда партияның тұңғыш жиналысы өтті. Партияның 55 аймақтық бөлімшесі құрылды. Наурыз соңында партия Әділет министрлігінің жарлығымен тіркелді.
2020 жылғы 8 тамызда, Мәскеуде партияның екінші съезі өтті, оның нәтижесінде партия төрағасы болып Алексей Нечаев тағайындалды.
2020 жылдың соңына қарай партия Думаның 2021 жылғы парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Сайлауалды бағдарламасын белгілі саяси стратег Евгений Минченко басқаратыны жарияланды.
2021 жылғы 4 шілдеде партия депутаттыққа кандидаттарының тізімін жариялады. Партияның федералды тізімін Нечаев басқарып кетті. Тізімдегі екінші орынға Якутсктың бұрынғы мэрі Сардаана Авксентьева ие болды.
нобай|оңға|Партия басшысы және негізінің салушысы Алексей Нечаев
Сайлау нәтижесі бойынша партия жалпы дауыстың 5,3 % жинады да, Мемлекеттік думадағы 13 мандатқа ие болды. Партия “үлкен төрттікке” (Біртұтас Ресей, РФКП, РЛДП, Әділ Ресей — Ақиқат үшін) кірмеген, 5 %-дан көп жинай алған 2004 жылдан бергі тұңғыш партия болды. Партиялық тізім бойынша сайланған Думаның 13 депутатынан басқа партияның тағы бірмандатты округтен сайланған 2 депутаты бар.
2022 жылғы 15 ақпанда Жаңа адамдардың думалық фракциясы Украинаның сепаратистік Донецк және Луганск халық республикаларын жеке мемлекет етіп мойындауға қарсы дауыс берді. Ресми мәлімдемесінше партия Украинадағы қақтығысты одан әрі дамуына қарсы шықты. Алайда кейін партия өз мәлімдесін жойып жіберді де, Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдап кетті.
2023 жылғы 23 желтоқсанда партия 2024 жылғы президент сайлауына қатысатынын және үміткер ретінде Дума төрағасының орынбасары Вячеслав Даванковты таңдағанын жариялады. 24 желтоқсанда партияның Өсім партиясымен қосылатыны белгілі болды. Екі партияның Прогрессивті саяси күштер одағына бірігетіні айтылды.
Идеологиясы Ресми сайтындағы мәліметінше партияның мақсаты — елді саясаткерге емес, халыққа қарату.
Партияның идеологиясы оңшыл центристік болып келеді, әлеуметтік негізін ол жұмыспен өз-өзін қамтығандар мен кіші бизнес өкілдерінен алады. Жаңа адамдар жеке-меншігі, бәсекелі экономикасы бар капитализмді де, қоршаған орта қорғауы, мүгедектерге көмек беруі бар әлеуметтік саясатты да қолдайды.
Сайлаулардағы нәтижелері Президент сайлаулары СайлауыҮміткеріДауыс саны%+/-ОрныНәтижесі202490pxВячеслав Даванков3 362 4843,85Жаңа3Сайланбады
Парламент сайлаулары СайлауыБасшысыДауыс саны%Мандат саны+/-ОрныПозициясы202190pxАлексей Нечаев2 997 6765,32Жаңа5
Сын 2020 жылы пайда болған өзге партиялар сияқты, партияны жиі спойлер-партия деп сынға алады, бұл пікір партияның тым жылдам тіркелгенінен шыққан. Оған қоса партия басшысы Алексей Нечаев — Путин басқарған Бүкілресейлік халық майданы Орталық кеңесінің мүшесі. Партияның үкіметпен байланысы бар деген айыптар да бар. 2020 жылғы желтоқсанда партияның сайлауалды бағдарламасын Президент Әкімшілігіне қатысы бар саяси стратег Евгений Минченко басқаратын.
Санкциялануы 2022 жылғы желтоқсанда Еуропа одағы Жаңа адамдарды Ресейдің Украинаға басып кіруіне деген байланысы үшін санциялаған еді.
Дереккөздер
Санат:Ресей саяси партиялары Санат:2020 жылы құрылған саяси партиялар Санат:2020 жылы Ресейде пайда болғандар