«Қара жесір» () — 2021 жылы шыққан америкалық суперқаһармандық фильм. Фильмді Marvel Studios шығарды және Walt Disney Studios Motion Pictures таратты. Бұл Marvel кинематографиялық әлемі (MCU) медиафраншизасындағы 24-ші фильм. Фильмнің режиссері — Кейт Шортланд, сценарий авторы — Эрик Пирсон. Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір рөлін сомдады; сондай-ақ фильмде Флоренс Пью, Дэвид Харбор, О-Т Фагбенли, Ольга Куриленко, Уильям Херт, Рэй Уинстоун және Рэйчел Вайс ойнады. Сюжет бойынша Капитан Америка: Азамат соғысы (2016) фильміндегі оқиғалардан кейін Наташа Романофф өзінің өткенін жанымен қабылдауға тырысады.

«Қара жесір» АҚШ-та 2021 жылдың 9 шілдесінде кинотеатрларда және бір уақытта Disney+ ағындық қызметінде, ал Ресейде 8 шілдеде шығарылды. Қара жесір MCU-дегі 4-кезеңнің бірінші фильмі болды. Фильмнің шығуы алғашқыда 2020 жылдың мамырына белгіленген күннен COVID-19 пандемиясына байланысты үш рет кейінге қалдырылды. «Қара жесір» фильмі пандемиялық жағдайдағы бірнеше кассалық рекордын орнатты, фильм бүкіл әлем бойынша 379 миллион доллардан астам және Disney+ сервисінде 125 миллион доллар жинады. Фильм негізімен сыншылардан оң пікірлер алды, олар актерлік шеберлікті (әсіресе Йоханссон мен Пьюдің ойнауын) және экшн-қойылымдарды жоғары бағалады.

Актёрлер

Скарлетт Йоханссон — Қара жесір Наташа Романофф: кек алушы, бұрынғы КГБ агенті, бұрынғы S.H.I.E.L.D. агенті. Эвер Андерсон — жас Наташа. Флоренс Пью — Қара жесір Елена Белова: Наташаның «қарындасы», Қызыл бөлмеде арнайы дайындықтан өткен. Вайолет Макгроу — жас Елена. Дэвид Харбор — Алексей Шостаков / Қызыл Қорғаушы: орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Наташа мен Еленаның «әкесі». О.Т. Фагбенли — Рик Мейсон: S.H.I.E.L.D. кезінен Наташаның одақтасы. Ольга Куриленко — Антония Дрейкова / Таскмастер: Дрейковтың қыз баласы, Қызыл бөлмеге қызмет етеді. Райан Кира Армстронг — жас Антония. Уильям Хёрт — Таддеус Росс: АҚШ Мемлекеттік хатшысы. Рэй Уинстон — Дрейков: орыс генералы және Қызыл бөлменің жетекшісі. Рэйчел Вайс — Қара жесір Мелина Востокофф: тәжірибелі тыңшы, Наташа мен Еленаның «шешесі», Қызыл бөлменің басты ғалымы.

Дереккөздер

Санат:Приквел-фильмдер Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері