A-28 — ұзындығы 487 километр болатын Қазақстан аумағындағы автомобиль жолы. E121 Еуропалық маршруты мен AH63 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Орал және Атырау қалаларын байланыстырады.
Маршруты + A-28 жолының маршруты Атырау → Махамбет → Тайпақ → Чапаев → Орал
Сипаттамасы A-28 трассасы Атырау қаласынан басталып, Жайық өзенінің оң жағалауындағы елді мекендер арқылы өтіп, Орал қаласынан аяқталады. Қозғалыс жолағы - екеу. Чапаев ауылының тұсында шалғайдағы Жәнібек ауданы мен Орал қаласын байланыстыратын A-31 трассасы басталады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жолдары