Франсуа Трюффо (; 6 ақпан, 1932, Париж, Франция — 21 қазан, 1984, Нейи-сюр-Сен, Франция) — француз кинорежиссёрі, сценарийші, актёр және сыншы, «Франциялық жаңа толқынының» негізін қалаушылардың бірі.Obituary Variety, 24 October 1984.
Жастайынан әйгілі киносыншы Андре Базеннің тәлімгерлігінде болып, оның «Cahiers du Cinéma» журналында қызмет етті. Трюффо осы басылымда жүріп «авторлық кино» теориясын, яғни фильмнің шын мәніндегі авторы — режиссер деген тұжырымды белсенді насихаттады.
Трюффоның «alter ego»-сы Антуан Дуанельдің рөлін Жан-Пьер Лео сомдаған «400 соққы» (1959) фильмі «Жаңа толқын» бағытының негізін қалаған басты туындыға айналды. Кейіннен «Ұрланған сүйістер» (1968), «Отбасылық ошақ» (1970) және «Алқынған махаббат» (1979) фильмдері Антуан мен Кристина жұбының оқиғасын баяндауды жалғастырды. Трюффо сонымен қатар «Cahiers»-тегі әріптесі Жан-Люк Годар түсірген «Демі таусылғанша» (1960) фильмінің сценарийіне атсалысып, бұл қозғалыстың тағы бір маңызды белесіне үлес қосты. Оның басқа да айтулы фильмдерінің қатарында «Пианисті атып тастаңдар» (1960), «Жюль және Джим» (1962), «Нәзік тері» (1964), «Екі ағылшын қызы» (1971) және «Соңғы метро» (1980) туындылары бар. Трюффоның «Америкалық түн» (1973) фильмі оған үздік фильм үшін BAFTA сыйлығын және үздік шетелдік фильм үшін «Оскар» сыйлығын алып келді.
Ол актер ретінде «Жабайы бала» (1970) фильмінде дәрігердің, «Америкалық түнде» режиссердің және Стивен Спилбергтің «Үшінші дәрежелі жақын байланыстар» (1977) фильмінде ғалымның рөлін сомдады. Сондай-ақ Генри Джеймстің «Өлілер алтары» шығармасының желісімен түсірілген «Жасыл бөлме» (1978) фильмінде басты рөлде ойнады. Ол өзінің пірі санаған Альфред Хичкокпен сұхбат негізінде «Хичкок/Трюффо» (1966) кітабын жазды, бұл еңбек «Sight & Sound» журналының кино туралы ең үздік кітаптар тізімінде екінші орынға ие болды.
Трюффо «Қара киімді қалыңдық» (1968), «Миссисипи су перісі» (1969) және өзінің соңғы фильмі «Сенің құпияң — менің құпиям» (1983) туындылары арқылы Хичкокқа құрмет көрсетті. Трюффо 1957–1964 жылдары Мадлен Моргенштернмен некеде болды, кейіннен актриса Клод Жадпен сөз байласса, өмірінің соңғы жылдарын актриса Фанни Арданмен бірге өткізді.
Дэвид Томсон Трюффо туралы: «Киноны сүйетін көптеген жандар үшін ол әрқашан Жаңа толқынның ең түсінікті әрі сүйікті өкілі болып қала береді» деп жазған.
Фильмография
Дереккөздер
Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік шет тіліндегі фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (режиссёрлер) Санат: Франция киносыншылары Санат:Монмартр зиратында жерленгендер