Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті — геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында басшылықты жүзеге асырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы ведомствосы.
Тарихы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті 2019 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінен бөлініп шығып, 2024 жылы таратылды.Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Міндеттері Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясат шараларын іске асыру"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасы Кеңістіктік деректерді дамыту басқармасы Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасы Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы
Қарамағындағы мекемелер «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК
Дереккөздер
Г