Анастасия Евгеньевна Ермакова (25 маусым 2000, Жаңажер, Сырдария облысы, Өзбекстан) — сырықпен секіруден маманданған қазақстандық жеңіл атлетші. 2018 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионы. Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2017, 2021, 2022). Жабық ғимараттағы Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2018, 2021-2023).
Өмірбаяны 2000 жылы 25 маусымда Өзбекстан, Сырдария облысы, Жаңажер қаласында дүниеге келген. Бала кезінде Қазақстанға көшіп келген.
Ол Виктор Николаевич Горбуновтың жетекшілігімен спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында жаттығады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқиды.
2017 жылы Қазақстанның ең жас чемпионы атанды.
2022 жылы Ғұсман Қосанов мемориалында Қазақстан рекордын — 4,20 метрді қайталады.
Негізгі нәтижелері Халықаралық ЖылЖарысБолған жеріОрныНәтижесі2017Жастар арасындағы Азия чемпионатыБангкок, Тайланд43,70 м2018Жабық ғимараттағы Азия чемпионатыТегеран, Иран3,70 мЖасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыГифу, Жапония3,60 м2023Жабық ғимараттағы Азия чемпионатыАстана, Қазақстан53,80 м
Ұлттық ЖылЖарысБолған жеріОрныНәтижесі2017Қазақстан чемпионатыАлматы3,70 м2018Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыӨскемен3,81 мҚазақстан чемпионатыАлматы3,60 м2019Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыӨскемен43,60 м2020Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыӨскемен3,80 м2021Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыӨскемен4,10 мҚазақстан чемпионатыАлматы4,00 м2022Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыӨскемен4,10 мҚазақстан чемпионатыАлматы3,80 м2023Жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионатыАстана4,10 м
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның сырықпен секірушілері