Төленді Арыстанбеков (15 тамыз 1939; Бөрлі, Қостанай облысы — 16 қараша 2002, Қостанай, Қазақстан) — Қазақстан Республикасы Аудиторлардың арасынан шыққан тұңғыш жазба және айтыскер ақын. Облыстық ақындар айтыстарының жүлдегері.
Қызмет жолы Арғынның Шақшақ — Томай руынан шыққан
1959 жылы Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірді. 1961 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын тәмамдады. 1964-1965 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріс алды. 1971-1976 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында «экономист-бухгалтер» мамандығын алып шықты. 1962-1995 ж.ж. Қостанай және Торғай облыстарында бірнеше ауыл шаруашылық мекемелерінде бас экономист, бас бухгалтер қызметтерін атқарды. 1996-2002 ж.ж. тәуелсіз «Қостанай-Факторинг» Аудиторлық фирмасының негізін қалаушы, Бас директоры, Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының толық мүшесі.
Шығармашылығы Тұңғыш өлеңдері Қостанай, Торғай облыстарының және аудандық газеттерінде жарияланды (1957-1960 ж.ж.). Қаламы ұшталғасын, шеберлігі артқасын үздік өлеңдері республикалық баспаларда жариялана бастады (Жас Алаш (Лениншіл жас), Жалын, Жұлдыз т.б.).
Ұлттық мүдде мен патриотизм тақырыбы бойынша - Тәуелсіздік жыры; - Жеңіс күніне; - Төрт құбылам бар менің; - Мәңгі жаса қазағым; - Ата заң; - т.б.
Туған жер мен туған өңір бойынша - Тобылдың толқындары-ай; - Қостанай, бір өзіңе махаббатым; - Қыздай сұлу Қостанай, мәңгі жаса; - Қостанайдың аққу ару қызына; - «Қостанай таңы» газетіне; - Туған жерім – Қарабалығым; - Қостанайдың көшесі; - Туған жер ең биікке шығарғаным; - Туған ел Ақмола; - т.б.
Ұлы тұлғаларға арнаған өлеңдері - Ахаңа; - Мұхтар аға; - Жамбыл баба тойына; - Мұқағалимен сырласу; - Нұржан ата; - Пушкинмен сырласу; - т.б.
Махаббат тақырыбы бойынша - Талай сыр жатыр ашылмай; - Тойда бүгін қыздар көп; - Жігіт сыры; - Асыл жарым; - Қарындас, қарай берші; - т.б.
Өзге де тақырыптар бойыша - Көңіліміз кең болсын; - Жел; - Алғыс туралы ой; - Бұл қазақта ырым көп; - Тазалық туралы; - Бажалар; - Көршілерім; - т.б.
Музыка Төленді Арыстанбеков бірнеше ән мәтіндерінің авторы.
"Тобылдың толқындары-ай" (музыкасы Әбдіғани Бәзілханұлыныкі)
Өлеңдер жинағы Төленді Арыстанбековтің алғашқы өлеңдер жинағы 2010-2012 жылдары Қостанай қаласының типографиясында жарияланды. 2023 жылы "Тобылдың толқындары-ай" атты өлеңдер жинағы Алматы қаласының «Arshyn» баспасында шығарылды.
ӘӨЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5Қаз) А 86
Демеушілігі 1996-2002 ж.ж. «Қостанай-Факторинг» аудиторлық фирмасы мұқтаж кісілер мен әлеуметтік жағынан осал жанұяларға да, Қостанай қаласының мешітіне де демеушілік етті. Айта кететін жайт, Мешіттің шаруашылық сұрақтары бойынша аудиторлық бағалауды тегін жасаған.
Отбасы оңға|сүрмесіз Өмірлік серігі, жары – Арыстанбекова Елена Хамитқызы.
Ұлдары – Бақытбек (1962 жылы туған), Дәуренбек (1964), Исламбек (1965), Қайырбек (1970), Жәнібек (1977);
Қыздары - Мира (1968), Базаркүл (1975).
Дереккөздер Төленді Арыстанбеков. ТОБЫЛДЫҢ ТОЛҚЫНДАРЫ (неопр.) / ред. Серік Әкірамұлы. — Алматы: АСТ, 2023. — 122 с. — 2000 экз. — ISBN 978-601-7560-24-9.
Төленді Арыстанбеков. Таңы боп Костанайдың арайладың (казах.) // Қостанай таңы : газета. — 1998. — 11 August.