Ирина Андреевна Литвиненко (тұрмысқа шыққанда — Эктова; 8 қаңтар 1987, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Өмірбаяны Ирина Литвиненко-Эктова – үш рет қарғып секіру бойынша маманданған Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жақтайды. Жаттықтырушылары: А.Н. Эктов.
И.А.Литвиненко — 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода және 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ол үш әлем чемпионатына: Берлинде (2009), Тэгуде (2011) және Ыстанбұлда (2012) қатысты. Бірақ медалдарды Азия чемпионаттарында ғана ала алды. 2011 жылы Г.Косанов мемориалда 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадаға лицензия алды.
2018 жылдың 1 ақпанында Тегеранда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында Ирина үш рет қарғып секіруден 13,79 метр көрсеткішпен алтын медаль жеңіп алдыАзия чемпионатында жерлесіміз жеңіске жетті.
Үздік нәтижелері ашық алаңда — 14,48 — Алматы (27.07.2011) жабық ғимаратта — 14,09 — Қарағанды (27.01.2012)
Отбасы Ирина тұрмысқа шыққан. Күйеуі — Евгений Эктов — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қызы — Яна (2010 жылы туған).
Сілтеме Ирина Литвиненко-Эктова «Worldathletics» сайтында
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Қазақстанның үш рет қарғып секірушілері Санат:2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері