Сога (басога) — Уганданың оңтүстік-шығысындағы банту халқы. Олар солтүстікте Киога және оңтүстігінде Виктория көлдері, батыста Виктория Ніл өзендері және шығыста Мпологома арасында тұрады. Халқы 2,1 миллион адам. (2002, халық санағы), Угандадағы 3-ші ең үлкен халық. Танзанияда да 5 мыңға жуық адам тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3589881

Тілі Тілі - лусога тілі, оның екі диалектісі бар: солтүстік (Лупакоойо) және оңтүстік (Лутенга). XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басынан жазуы латын әліпбиіне негізделген.Сога https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/683960

Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: көпшілігі христиандар, кейбірі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сүнниттік мұсылмандар да бар.Значение слова СОГА в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1831153.html

Кәсібі Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (банан, маниок, тәтті картоп). Мал шаруашылығы мен өзен-көлдерде балық аулауды дамытқан. Дәстүрлі қолөнер - керамика, ұсталық, барабан жасау. Отарлау кезеңінде негізгі мақта егетін аудандардың біріне айналды.Народы и культуры Сога https://travel-journal.ru/ethno/45/1263/

Өмір салты Қоныстары шашыраңқы орналасқан банан плантацияларымен қоршалған дөңгелек үйшіктерден тұрады.

Киімдері – жамбасты жауып тұратын талшықтан жасалған жамылғылар.

Негізгі тағамдары – банан, түрлі ботқа, ащы соустары бар ұсақталған жармалардан жасалған ұн өнімдері.

Бай ауызша тарихы бар.народы мира / Сога http://www.etnolog.ru/people.php?id=SOGA

Дереккөздер

Санат:Уганда халықтары Санат:Танзания халықтары