Динара Болатқызы Закиева (22 желтоқсан 1982, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері, 2026 жылдан бергі Қазақстан Құрылтайы төрағасының орынбасары және Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылым депутаты. 2023 жылдан бастап — Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бұрын ол 2021–2023 жылдары Парламент Мәжілісінің VII сайланым депутаты болатын.

Өмірбаяны Динара Закиева 1982 жылы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай, 2001 жыл), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жыл), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жыл); MBA Hult international business school (Дубай, 2013 жыл) бітірген.Динара Зәкиева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды

Еңбек жолы 2004-2005 жылдар аралығында «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2005 жылы — Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы.

2006 жылы — «Antarex» ЖШС және Астана қаласындағы «Rafe» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы.

2007-2013 жылдары — Қазақстан президенті әкімшілігінде президент хаттамасының сарапшысы.

2011 жылы — «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы.

2013-2015 жылдары — Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекішісі.

2017-2019 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры.

2019 жылы — «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы.

2019-2021 жылдары — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы.

2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін парламент мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болған.

2022 жылдан бастап "Аманат" партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

2023 жылғы 12 маусымда президент өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.Динара Зәкиева еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі болды. nur.kz.

2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әбдікешов Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады.

Отбасы Закиева тұрмыста, 3 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп отыр. Жұбайы Талғат Нәрікбаев (1978 жылы туған) — MNU басқарма төрағасы (2008 жылдан бері).Профайл: Сіз кімсіз, Зәкиева ханым?Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев

Әкесі Болат Зәкиев (1950 жылы туған) — әскери және мемлекет қайраткері, Шекара қызметінің директоры (1992–1997, 1999–2008).

Бауыры Шынар Зәкиева — MNU басқарма төрағасының орынбасары (2024 жылдан бері).Басшылық

Қайын атасы Мақсұт Нәрікбаев (1940–2015) — белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Бас прокурор (1995–1996), Жоғарғы сот төрағасы (1996–2000), ҚазГЗУ ректоры (2000–2007). Бұдан бөлек Жоғары сот кеңесінің төрағасы (2003–2006), Әділет партиясының төрағасы (2004–2012) болған.

Дереккөздер

Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайы төрағасының орынбасарлары