Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев (20 қаңтар 1952, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСРАманжол Қазбекұлы Жанқұлиев ) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары.

Өмірбаяны 1972 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын француз тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1973-1984 жылдары — Алматы облыстық ЛКЖО комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды.

1984-1987 жылдары — КСРО сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды.

1987-1989 жылдары — КСРО Сыртқы істер министрлігі Азиядағы социалистік елдер басқармасының екінші хатшысы болды.

1989-1992 жылдары — КСРО, Ресей Федерациясы Вьетнамдағы Елшілігінің екінші хатшысы болды.

1993-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі болды.

1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдерінің жетекші басқармасының кеңесшісі болды.

1996-1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің кеңесшісі болды.

1999-2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметінің директоры болды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.

2001-2003 жылдары — Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.

2003-2005 жылдары — Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.

2005 жылдың 6 қазанынан 2008 жылдың 6 ақпанына дейін — Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.

2008 жылдың 6 ақпанынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болды.

2008 жылдың 4 маусымынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн кінәздігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қатар атқарды.

2008 жылдың 14 қазанынан 2009 жылдың 17 ақпанына дейін — Швейцария Конфедерациясындағы және Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қатар атқарды.

2009 жылдың 17 ақпанынан 2015 жылдың 24 ақпанына дейін — «Сырбар» Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметінің директоры болды«А.Қ.Жанқұлиевті Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 741 Жарлығы. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты..

Марапаттары I дәрежелі Даңқ ордені (2016) II дәрежелі Даңқ орденіНакануне 20-летия Независимости страны Глава государства Нурсултан Назарбаев вручил в Акорде государственные награды Республики Казахстан и юбилейные медали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001) «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)Накануне 20-летия Независимости страны Глава государства Нурсултан Назарбаев вручил в Акорде государственные награды Республики Казахстан и юбилейные медали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі (1988)

Дереккөздер

Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстанның Тәжікстандағы елшілері Санат:Қазақстанның Түркиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Франциядағы елшілері Санат:Қазақстанның Швейцариядағы елшілері Санат:Қазақстанның Лихтенштейндегі елшілері Санат:Қазақстанның Ватикандағы елшілері Санат:Шу ауданында туғандар