Мандара (вандала/vandala) — Батыс Африкадағы халық. Олар Камерунның солтүстігінде және Нигерияның солтүстік-шығысында тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2156583 Камерунда 660 мың адам, Нигерияда 320 мың адам, Чадта 10 мың адам тұрады.Материал из Большого Справочника https://newstest.ru/%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B0_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)

Тілі Олар афроазиялық отбасының чад тобының мандара тілінде сөйлейді.Современная Энциклопедия http://www.aggregateria.com/M/mandara.html

Діні Діні бойынша көпшілігі мұсылмандар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.Большая советская энциклопедия МАНДАРА https://bse.slovaronline.com/18066-MANDARA

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері тау беткейлерінде қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, бұршақ, жержаңғақ, күріш, ямс), мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Қолөнерден – металдан көркем бұйымдар жасау (темір, қола, күміс), керамика, тоқымашылық дамыған.Народы и культуры Мандара https://travel-journal.ru/ethno/40/975/

Өмір салты Әлеуметтік бірліктің негізін ақсақал басқаратын үлкен отбасы қауымдастығы құрайды. Туыстық есеп патрилиндік, неке патрилокальды, полигиния дамыған.

Елді мекендері шоғырланып орналасқан. Тұрғын үйлері - тас немесе саз кірпіштен жасалған, биік конустық шатыры бар дөңгелек пішінді болып келеді.

Дәстүрлі киімдері денеге оранған шүберек, мереке күндері - ерлер үшін туника тәрізді көйлек және әйелдер үшін кең, түрлі-түсті көйлек.

Азық-түліктері негізінен өсімдік тектес тағамдар (бәліштер, жармалар, бұқтырылған тағамдар, бұрыш, сарымсақ, пияз қосылған ащы дәмдеуіштер) болып табылады.народы мира / Мандара http://www.etnolog.ru/people.php?id=MNDU

Дереккөздер

Санат:Камерун халықтары Санат:Нигерия халықтары Санат:Чад халықтары