Евгений Викторович Пригожин (1 маусым 1961, Ленинград – 23 тамыз 2023, Тверь облысы) — ресейлік олигарх, кәсіпкер, әскери қолбасшы, ресторатор, 2023 жылғы сәтсіз көтерілісіне дейін Владимир Путиннің жақын адамы.

Кремльге қызмет көрсететін мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру компанияларының иесі ретінде ол тұңғыш танымалдыққа ие болды да, «Путинның аспазы» деп аталып кетті. Кеңес Одағында сотталған Пригожин кейін ықпалды компаниялар желісін, соның ішінде Ресей мемлекеті қолдайтын «Вагнер» жалдамалылар әскери құрылымын және 2016 жылғы АҚШ сайлауына араласты деп айыпталған үш компанияны басқарып кетті және сол үшін санкцияланды.

Пригожин Ресейдің АҚШ сайлауына араласуындағы рөлін көптен бері жоққа шығарған. 2022 жылғы қарашада ол мұндай операциялардағы рөлін мойындап, олардың жалғасатынын айтты. 2023 жылғы ақпанда ол интернеттегі үгіт-насихат операциялары үшін айыпталған ресейлік компанияның негізін қалаушы және ұзақ уақыт басқарушысы екенін мәлімдеді.

Пригожин Ресей үкіметіне қарсы 2023 жылғы маусымда көтеріліс жасағысы келгені үшін әлем назарына түсті. Алайда 23 маусым күні Пригожин мен үкімет арқылы жасалған келіссөздер бойынша көтерілістің тоқтатылуы және Пригожинның Беларуське кетуі шешілді.

2023 жылғы 23 тамызда Пригожин басқа тоғыз адаммен бірге Мәскеудің солтүстігіндегі Тверь облысындағы ұшақ апатында «өлді деп жарияланды». Ұшақты Ресей Қарулы Күштері атып түсіргені жайлы болжамдар бар. Ресей Тергеу комитеті 2023 жылғы 27 тамызда Пригожинның қаза тапқанын растады.

Өмірбаяны Жастық шағы Евгений Пригожин 1961 жылдың 1 маусымда Ленинградта дүниеге келген. Жасөспірім кезінде ұрлық үшін Кеңес Одағында жауапқа тартылған, және кейінірек 1981 жылы «қарулы тонау, жасөспірімдер саудасы» сияқты қылмыс үшін 9 жылға сотталған.

«Путинның аспазы» Түрмеден шыққаннан кейін, 1990 жылы, Пригожин анасының екінші күйеуімен бірге хот-дог сататын желісін ашты. Одан кейін ол мейрамханалар бизнесімен айналысты, оның дәмханаларына ресей элитасы баратын, соның ішінде сол кездегі вице-мэр Владимир Путин де болған.

Путин президенттігінің басталған салысымен Пригожин бизнестері өсім көрді; мысалы Джордж Уокер Буштың Ресейге сапары кезінде болған кешкі асты дайындаған Пригожинның кейтериң (catering) компаниясы Concord болған еді.

АҚШ сайлауына араласуы 2022 жылдың ақпанында Пригожин өзінің қатысы бар екенін мойындады. Бұл «аггентік» «интернет-тролль фабрикаларының желісі» деп сипатталған. АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының айтуынша ол 2016 жылғы АҚШ президенттік сайлауының нәтижелерін өзгерту үшін кең таралған жалған ақпарат тарату жүйесін бастаған.

Вагнер ЖӘК 2014 жылы Пригожин «Вагнер» атауы бар жекеменшік әскери компанияның негізін салды, бірақ ол өзінің Вагнерге авторлығын тек 2022 жылы ғана мойындады.

Вагнер ЖӘК Донбастағы соғыс, Сирия азаматтық соғысы және Ресейдің Украинаға басып кіруі соғыстарына Ресей жағынан қатысқан. ЖӘК тағы Судан мен Орталық Африка Республикасында көзге түскен.

thumb|right|Ресей–Украина соғысы кезіндегі Бахмут, Донецк облысы, сәуір 2023

Вагнер ЖӘК тобын құру үшін Пригожин Ресей түрмелерінен жауынгер жинады.

Пригожин басқаратын Вагнер ЖӘК зорлықты тәртіп сақтау және басқаларды қорқытып ұстау құралы көреді. Сириядан тараған видеолардың бірінде тұтқынды азаптап, ауыр балғамен ұрғанын және басқа бейнеде Украина жағына өтіп кеткен ресейлік жауынгерді балғамен ұрып өлтірген бейнелер табуға болады.

Ресей әскерін сынауға тыйым салатын заңға қарамастан, Пригожин ресейлік әскербасыларды, соның ішінде Қорғаныс министрі Сергей Шойгуны соғыста көрсеткен нашар нәтижесі және уақытында қажетті қару бермегені үшін сынға алды, балағаттады.

2023 жылдың маусымында Пригожин ресейлік мемлекеттік қызметкерлер балаларының «сәнді өмір салты» мен әскерге бармағаны үшін сынға алды. Оның ресейлік элитамен, әсіресе Сергей Шойгу мен оның бірінші орынбасары Валерий Герасимовқа ашуы анық болды.

2023 жылғы көтерілісі

2023 жылдың 23 маусымында Пригожин Вагнер ЖӘК-ның артқы лагерьлеріне ресейлік әскери зымыран шабуылын жасады деп мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі ешқандай соққы болмағанын және бұл туралы мәлімдеме "ақпараттық арандатушылық" екенін айтты. Сол күні кешке Пригожин іс жүзінде әскери төңкеріс жасайтынын мәлімдеді — оны "әділет шеруі" деп атады. Осыдан кейін оған қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 279-бабы ("қарулы көтеріліс") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Таңертең "Вагнер" ЖӘК жалдамалы әскерлері әскери нысандар мен Дондағы Ростов қаласын бақылауға алып, қауіпсіздік күштерін жауып тастады. Кейбір қосылыстар Ростов облысынан М-4 "Дон" федералды тас жолымен Мәскеуге қарай созылды. "Вагнер" ЖӘК Біріккен күні минималды қарсылықпен Воронеж, Липецк және Тула облыстарынан өтті. Бірнеше аймақта, соның ішінде Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі жарияланды.

24 маусым күні кешке Беларусь президенті Александр Лукашенконың арағайындығымен Евгений Пригожин Ресей үкіметімен көтерілісті тоқтатуға, Вагнер ЖӘК бөлімшелерінің алға жылжуын тоқтатуға және оларды әдеттегі орналастыру орындарына қайтаруға келісті.

Көтерілістен кейінгі өмірі BBC маусым айының соңында Беларусьтен Ресейге ұшқан Евгений Пригожиннің жеке ұшағын бақылаған. Ұшақ Санкт-Петербург пен Мәскеу арасында бірнеше рет рейс жасады, бірақ Пригожиннің бортта болған-болмағаны белгісіз. Лукашенко 6 шілдеде "Пригожинге келетін болсақ, ол Санкт-Петербургте. Ол Беларусь аумағында емес" деді.

2023 жылдың 28 шілдесінде Пригожин 2023 жылғы Ресей-Африка саммиті кезінде Санкт-Петербургтегі Trezzini Palace қонақ үйінде Орталық Африка Республикасы президентінің кеңесшісі Фредди Мапука және Камерундық ресейшіл Afrique Média ақпарат құралының басшысымен кездескенде сәтсіз көтерілістен бері бірінші рет байқалды.

Пригожин 2023 жылы орын алған, президентті қызметінен босатқан Нигердегі төңкерісті қолдады және «тәуелсіздік алғандай болды» деп мақтады. Төңкеріс нәтижесінде биліктен кеткен Нигер президенті Мохамед Базумның идеологиясы батысқа жақын болған еді.

Әуе апаты және өлімі

Ресей төтенше жағдай министрлігі мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 23 тамызында Тверь облысында әуе апаты орын алды, ұшақ бортындағы барлық 10 адам қаза тапты. Росавиация берген әуе апатының нәтижесінде қайтыс болғандар тізімінде Евгений Пригожин болған. Рейс Мәскеуден Санкт-Петербургке бара жатқан еді. Ресейлік ақпарат құралдары ұшақтың атып түсірілген болуы мүмкін екенін айтады. Пригожиннің баспасөз хатшысы оның ұшақта болғанын растамады.

27 тамыз күні Пригожинның өлімі Ресей тергеу комитетімен расталды. 2023 жылдың 29 тамызында Санкт–Петербургтегі Порохов зиратына жерленді. Жерлеуіне тек жақын достары мен туыстары ғана қатысты.

Марапаттары Пригожин бірқатар ресейлік марапаттардың, атап айтқанда 2022 жылы Ресей Федерациясының қаһарманы атағының иесі болып келеді.

Дереккөздер

Санат:Ресей олигархтары Санат:Ресей кәсіпкерлері Санат:Вагнер ЖӘК