Ен Гын Ли (1903, Ресей, Приморье өлкесі, Сучан ауданы, Таудими с. – ...) – еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949).
Еңбек жолын 1929 жылы Приморье өлкесі, Бикин ауданында Красный Перевал селосындағы «Авангард» ұжымшарында бастаған. 1937 ж. Қазақстанға еріксіз жер аударылып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 1948 жылы оның бригадасы 20 гектар егістіктің әрқайсысынан орта есеппен 100,5 центнерден күріш алып жоғары көрсеткішке жетті.Қазақ энциклопедиясы, III том, 12 тарау
Дереккөздер
Санат:1903 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Приморье өлкесінде туғандар Санат:Қазақстанға жер аударылғандар Санат:Шиелі ауданы тұлғалары