«Ұлы Дала Таңы» — 2022 жылы жарыққа шыққан Қасым хан жайлы түсірілген қазақстандық тарихи фильм.
Сюжет Фильм оқиғалары XV ғасырдың 70-жылдарынан XVI ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Тарихи кинотуынды Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан билік еткен кездері туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақ хандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды. 1510 жылы Ұлытау шайқасында Қасым хан жеңіске жеткен соң оның ұлылығы, атақ-абыройы күллі Дешті Қыпшаққа тараған. Қазақстан аумағын батыста Еділге дейін, шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияға дейін, Солтүстікте Тобылға дейін жеткізіп, өмірінің соңғы жылдары «Қасым ханның қасқа жолы» атты жаңа заңдар жинағын енгізген. Фильмде жекелеген баптары көрініс табады.
Рөлдерде Берік Айтжанов — ересек Қасым хан Данияр Уразаев — жас Қасым хан Ерік Жолжақсынов — ересек Бұрындық хан Айдос Әбдіқадыров — жас Бұрындық хан Нұрлан Әлімжанов — Мұхаммед Шайбани Алтынай Нөгербек — жас Жаһан бегім Шәмшігүл Меңдиярова — егде Жаһан бегім Тұңғышбай Жаманқұлов — ересек Әли Рашид Қуаныш Құдайберген — жас Әли Рашид
Өндіріс және премьера Фильмнің түсірілімі Алматы облысында Қазақстанның оңтүстігінде өтті. Премьерасы 2022 жылдың мамырында шықты.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Тарихи фильмдер Санат:2022 жылғы Қазақстан фильмдері