Северная – Үлбі жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі таулар.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласының солтүстік-батысында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1221 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейлері тіктеу таулардан тұрады. Олар өзен, сай-жыралармен тілімденген. Таудан Бұқтырма өзеніне бірнеше шағын көлдер құяды.

Өсімдігі Төменгі беткейіндегі күңгірт қоңыр жəне қара топырағында далаға тəн өсімдіктер тараған, одан жоғары қарағай, қайың, көктерек аралас орман өседі. Атырабы шабындық жəне жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алтай ауданы таулары