Занде (өз атауы — азанде)Занде https://megabook.ru/article/%D0%97%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B5%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4) — Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысындағы және Орталық Африка Республикасы мен Суданның шекаралас аудандарындағы халық. Жалпы саны 3,5 млн. адам. Конго Демократиялық Республикасында – 2,5 млн., Суданда – 720 мың адам, Орталық Африка Республикасында – 300 мың адам.Современная энциклопедия Занде https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/200413-zande/ Мбому, бандия, бил, бамбой, адио және т.б. әртүрлі этникалық топтарды біріктіреді.
Тілі Тілі – занде немесе азанда тілі.ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B7%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B5
Діні Дәстүрлі нанымдарды сақтанады.Большой энциклопедический словарь https://gufo.me/dict/bes/%D0%97%D0%90%D0%9D%D0%94%D0%95
Тарихы Занденің қалыптасуы XVIII—XIX ғасырларда әртекті халықты біріктіретін және амбому билеуші Авунгара әулеті басқарған азанде рубасылар одағының құрамында басталды. Араб құл саудагерлерімен соғысқан.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1987478
Кәсібі Негізгі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, құмай, күнжіт, таро, маниок, жержаңғақ, қарбыз, тау күріш, банан), балық аулау, аң аулау, терушілік. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының басым бөлігін әйелдер атқарады. Ер адамдар тазалық жұмыстарымен, балық аулаумен, үй салумен және т.б. айналысады. Дәстүрлі қолөнерден – ұсталық, піл сүйегінен өңдеу, ағаш ою, қыш, тоқымашылық дамыған.Народы и культуры З https://travel-journal.ru/ethno/36/281/
Өмір салты Әлеуметтік ұйым ауыл және үлкен отбасы қауымдастығына негізделген. Музыкалық фольклор дамыған.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері – қабырғалары саз балшықпен сыланған және қызыл, қара және ақ әшекейлермен боялған, конус тәріздес шатыры бар лашықтар.
Дәстүрлі киімдері – ерлерге арналған белге таңылған мата, әйелдерге арналған жапырақ шоғы – еуропалық киімдерге алмастырылуда.
Азық-түліктері - өсімдік тектес тағамдар, термиттер, балық, етті сирек жейді.народы мира / Занде http://www.etnolog.ru/people.php?id=ZAND
Дереккөздер
Санат:Конго Демократиялық Республикасы халықтары Санат:Судан халықтары Санат:Орталық Африка Республикасы халықтары