Гонга — Эфиопияның оңтүстік-батысындағы омот халықтарының тобы. Олар солтүстік, орталық және оңтүстік болып бөлінеді.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2369236 2000 жылғы мәліметтер бойынша халық саны 400 мыңға жуық.Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/%D0%93%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%B0
Тілі Тілі - гонга тілі.Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/14142
Діні Дінге сенушілер: христиандар (монофизиттер мен католиктер), кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сүнниттік мұсылмандар (гаро, анфило және кафа бөлігі) бар.ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%B0
Тарихы Орта ғасырларда олар солтүстіктен Көк Нілге дейін созылған кең аумақты алып жатты. Семит тілінде сөйлейтін халықтардың (14-16 ғғ.) және әсіресе оромолардың (16-17 ғғ.) шапқыншылығы гонгалардың қоныстану аймағын бөлшектеп, тарылтты. Гонгалардың бір бөлігі оромолармен ассимиляцияланды. 17 - 19 ғасырдың ортасында гонгалар күшті феодалдық мемлекет құрды. 19 ғасырдың 2-жартысында олар Эфиопия империясына қосылды.Народы и культуры Г https://travel-journal.ru/ethno/31/601/
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (бидай, теф, кофе), мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал, есек, жылқы), құс шаруашылығы (тауық өсіру), ара шаруашылығы. Манджо және кейбір басқа этникалық топтары аңшы, терушілер.народы мира / Гонга http://www.etnolog.ru/people.php?id=GONG
Өмір салты Гонгалар дәстүрлі тайпалық құрылымды сақтаған. Бірақ оған кейінгі касталық және таптық дәстүрлер енген. Музыкалық-поэтикалық фольклор алуан түрлі.
Киімдерінен эфиопиялық түрлері басым, тері мен жапырақтан жасалған киімдер бар.
Азық-түліктері - бәліштер, дәнді дақылдар мен жарма, көкөніс қосылған соустар, ет, сыра, кофе.
Дереккөздер
Санат:Эфиопия халықтары