Үлкен Бөген, Қаттыбөген – Бөген өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Ақбастау ауылының оңтүстік-батысында Балабөген өзенімен қосылып, Бөген өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 543 км2. Өзен арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен ағады. Суы егістікке пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бәйдібек ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы