Нұрсұлтан Арыстанғалиұлы Жаңабаев (5 қыркүйек 1992; Қызыл Жұлдыз, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы.
Өмірбаяны Нұрсұлтан Жаңабаев 1992 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1999-2010 жылдары Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте оқыды. Мектепті бітірген соң ТарМПУ-дың шығармашылық факультетіне оқуға түседі.
Нұрсұлтан бала кезінен спортпен айналыса бастаған. 11 жасынан бастап еркін күреспен айналыса бастады. Еркін күрестен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңтаровтың жаттықтырушысы болған Әділет Сарбаев жаттықтырды. Нұрсұлтан 15 жасынан бастап әуесқой боксқа ауысты. Бокстан алғашқы жаттықтырушы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1983 жылғы КСРО халықтарының жазғы спартакиадасы мен 1986 жылғы бокстан КСРО чемпионатының жүлдегері Рашид Кабиров болды.
Әуесқойлық мансабы Бокспен 2007 жылы 15 жасында айналыса бастаған ол әуесқойлық мансабында спорт шебері атанып, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Алғашқы ресми жекпе-жегін 15 жасында облыстық жарыстарда өткізіп, соңында жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан 2012 жылы Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевтің құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. 2014 жылы Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Кәсіби мансабы Ол кәсіпқой мансабын 2016 жылы Қытайда бастады, сол кезде WBA China белбеуіне ие болған қытайлық боксшыға қарсы он раундта жеңіске жетті. 2019 жылдың 14 тамызында Аустралияның Сидней қаласында сәтті жекпе-жек өткізіп, аустралиялық Стив Гагоны жеңді, WBA inter белбеуін қорғап, WBO oriental және IBF Australasian аймақтық белбеулерін жеңіп алды.
Кәсіби жекпе-жек кестесі Айқас Есеп Күні Қарсыласы Болған жері Нәтижесі Ескерту 8 8 (5)-0 27 шілде 2019 Steve Gago (11-0-0, 4 КО) UD (10) WBA Inter-continental, IBF Australasian, WBO Oriental 7 7 (5)-0 24 наурыз 2019 Ivan Matute (28-1-0, 23 КО) RTD 2 (10) WBA inter-Continental 6 6 (4)-0 23 желтоқсан 2018 Arnel Tinampay (25-22-1, 11КО) UD (10) WBC Asia 5 5 (4)-0 27 қазан 2018 Kulwa Bushiri (10-2-1, 4 КО) TKO 1 (6) 2:23 4 4 (3)-0 29 қыркүйек 2018 Эмин Биннаталиев (1-1-0, 1 КО) TKO 2 (6) 0:34 3 3 (2)-0 9 қыркүйек 2017 Alex Sandro Duarte (14-9-1, 11КО) TKO 1 (6) 2:03 2 2 (1)-0 25 желтоқсан 2016 Joel De La Cruz (20-24-3, 8 КО) TKO 5 (10) 2:30 1 1 (0)-0 10 қазан 2016 Xingxin Yang (11-4-3, 9 КО) SD (10)
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Орта салмақтағы боксшылар Санат:Қазақстан Республикасының спорт шеберлері