Берёзов ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Маяк, Подорлёнок ауылдары Соловьёв ауылдық округінің, Ландман ауылы Малеевск ауылдық округінің, Шығыс ауылы Чапаев ауылдық округінің, Берёзовское ауылы Алтай қалалық әкімдігінің құрамына енгізілді.Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Риддер қалаларының, Зырян, Бородулиха, Көкпекті және Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Берёзовское, Ландман, Маяк, Подорлёнок, Шығыс ауылдары кірді. Орталығы – Берёзовское ауылы болды. Округ құрамында болған Алтынсай ауылы 2007 жылы таратылған.Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Үржар аудандарының және Зырян ауданы-Зырян каласының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1655 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Алтай ауданының таратылған ауылдық округтері