Эудженио Монтале (; 12 қазан 1896 — 12 қыркүйек 1981) — итальяндық ақын, прозаик, әдебиет сыншысы. Өмір бойы сенатор.
Өмірбаяны оңға|нобай|265x265 нүкте| Эудженио Монтале және Чезаре Анджелини 1949 ж. Кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Жас кезінде ол әншілік сабағын алды, опера әншісі болғысы келді. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан .
1925 жылы ол Бенедетто Кроче құрастырған антифашисттік зиялылардың манифестіне қол қойды. 1920 жылдары Флоренция баспасында, кітапханада жұмыс істеді. 1938 жылы фашистік партияға өтуден бас тартқан соң жұмыстан шығарылды. 1943 жылы оның өлеңдері шетелге (Швейцария) заңсыз шығарылып, басылып шықты.
Соғыстан кейін Әрекет партиясының мүшесі болды. 1948 жылы Миланға көшіп, әдебиет және музыка сыншысы ретінде «Коррьере делла Сера» газетімен жұмыс істеді.
Мойындау 1967 жылы итальяндық мәдениетке сіңірген еңбегі үшін Монтале өмір бойы сенатор атағын алды, ал 1975 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Гоффредо Петрасси және басқа композиторлар Монтале өлеңдеріне музыка жазды. Композитор Луиджи Даллапиккола өзінің «Үш поэмасында» Джойстың «Қызыма берілген гүл» поэмасында Монталенің аудармасын пайдаланды.
Өнер туындылары Ossi di seppia / Тарбақ аяқ сауыты (1925) Le casei / Жағдайлар (1939) Finisterre / Финистерре (1943) Farfalla di Dinard / Динар көбелек (1956, прозадағы өлеңдер) La bufera e altro / Дауыл және басқа (1956) Satura / Сатура ( 1971 ) Mottetti /Мотеттер ( 1973 ) Quaderno di quattro anni / Төрт жылғы дәптер (1977)
Дереккөздер
Әдебиет West R.J. Eugenio Montale, poet on the edge. Cambridge: Harvard UP, 1981. Gonin J. L’expérience poétique de Eugenio Montale. Toulouse: Presses Universitaires du Mirail, 1996 Marcenaro G. Eugenio Montale. Milano: B. Mondadori, 1999 Brook C.J. The expression of the inexpressible in Eugenio Montale’s poetry: metaphor, negation, and silence. Oxford; New York: Oxford UP, 2002 Sica P. Modernist forms of rejuvenation: Eugenio Montale and T.S. Eliot. Florence: L.S. Olschki, 2003 Pell G.M. Memorial space, poetic time: the triumph of memory in Eugenio Montale. Leicester: Troubador, 2005
Сыртқы сілтемелер (ол. ) (фр. ) (ағылшын) ) Журнал залындағы бет Ферғана сайтындағы бет Вавилон сайтындағы бет
Санат:Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері