Амантай Айтмырзаұлы Доғалақов (9 қаңтар 1946, Жаңасемей ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мал дәрігері, партия және мемлекет қайраткері; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаты (1990-1993).

Өмірбаяны 1946 жылы 9 қаңтарда Семей облысы Жаңасемей ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келді.

1963 жылдан Знамен мектеп-интернатын бітіргеннен кейін Жаңасемей ауданы, Шыңжы ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1973 жылы Семей зооветеринарлық институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмәмдады. Жаңасемей ауданында: аудандық ветеринариялық стансасының дезжасақ басшысы (1973-1975), К.Маркс атындағы ұжымшардың бас мал дәрігері (1976 бастап), К.Маркс атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары (1978 бастап), «Жаңасемей» кеңшары директоры (1981-1991) болып жұмыс істеді.

1991 жылы КОКП Жаңасемей аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1990-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаты; сонымен қатар 1992-1994 жылдары Жаңасемей аудандық әкімдігін басқарды.

1994 жылдың сәуір айынан бастап Семей облысы әкімшілігінде: мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет төрағасының орынбасары, жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің төрағасы, жер инспекциясының бастығы (1997-2002) қызметтерін атқарды. 2002-2009 жылдары Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды. 2009 жылы зейнеткерлікке шықты.

2009-2012 жылдары — қалалық мәдениет үйі (Семей) директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан бастап - қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.

Таңдамалы шығармалары Доғалақов А.А. Халыққа, туған жерге қызмет // Вести Семей. - 2013. - 30 сәуір. - 6 б.

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары