Мария Мудряк (1994 жылы 6 сәуірде туған) — қазақ опера әншісі.
Өмірбаяны 1994 жылы 6 сәуірде Павлодарда дүниеге келген. 3 жасынан бастап Оқушылар сарайында вокалды үйрене бастады, осы жерде сахнада алғашқы рет өнер көрсетті. 5 жасында Павлодар қаласының №1 музыкалық мектебінің фортепияна бөліміне түсті. 2004 жылы 10 жасында Италияның Милан қаласында опералық вокалға үйрене бастады, қазіргі уақытта да Миланда тұрады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясын бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты.
Италия, Бельгия, Аустрия, Қытай, Үндістан елдеріндегі ең танымал сахналарда өнер көрсетеді. Әнші Италияда тұрса да, Қазақстан азаматтығынан бас тартқан емес.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан опера әншілері Санат:Қазақстан академиялық музыканттары