Питер Сафран (1965 жылы 22 қарашада дүниеге келген) — британ-америкалық кинопродюсер және менеджер. Қазіргі уақытта Джеймс Ганнмен бірге DC Studios компаниясының тең дәрежелі төрағасы және бас директоры қызметін атқарады.
Жастық шағы Ұлыбританияда өскен Сафран Принстон университетін бітірген. Кейіннен Нью-Йорк университетінің заң мектебінде JD дәрежесін алды. Ол UTA ассистенті болмай тұрып Нью-Йоркте корпоративтік адвокат болып жұмыс істеді.Brillstein-Grey prez exits
Кино мансабы Ол Gold-Miller Co-да менеджер болып, 1998 жылға дейін сонда жұмыс істейді. Содан кейін 2003 жылы Brillstein-Grey Management президенті болып тағайындалғанға дейін бес жыл бойы Brillstein-Grey компаниясында менеджерлік етеді. Президент ретінде ол Брэд Питт, Дженнифер Энистон, Адам Сэндлер, Николас Кейдж және Кортени Кокс сияқты 200-ден астам клиенттері бар бөлімнің күнделікті қызметіне жауапты болды. 2006 жылы The Safran компаниясын ашу үшін Бриллштейн-Грэйден кетіп, барлық клиенттер тізімін өзімен бірге алып кетті. Шон Комбс, Адам Шэнкман, Дэвид Хайд Пирс, Дженнифер Лопес және Брук Шилдс сияқты жұлдыздардың менеджері болды.Safran makes a move for Brillstein-Grey
Соңғы бірнеше жылда Сафран Дуа ғаламының дамуына ат салысты. Warner Brothers компаниясымен жасаған келісімінің негізінде «Аквамен», «Шазам!», «Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясы» сияқты фильмдерге продюсерлік етті.
2022 жылдың қазан айында Питер Сафран мен Джеймс Ганн кино, теледидар және анимация жобаларын басқаратын DC Studios -тің тең дәрежелі төрағалары мен бас директорлары болып тағайындалды. Ганн шығармашылық аспектілермен айналысса, Сафран бөлімнің іскерлік жағын басқарады. Екеуі 2022 жылдың 1 қарашасында лауазымдарына кірісті.
Фильмография Фильм ЖылАтауыРежиссеріЕскертпелер1997RocketManСтюарт ГиллардСо-продюсер1998SenselessПенелопа СферисСо-продюсер2000Scary MovieКинен Айвори ВененсАтқарушы продюсерThe SpecialsКрейг МазинCo-атқарушы продюсер2004My Baby's DaddyШерил ДаньеАтқарушы продюсерConnie and CarlaМайкл ЛембекJiminy Glick in LalawoodВадим Джан2005The Long WeekendПет ХолденАтқарушы продюсер2008Meet the SpartansJason Friedberg and Aaron SeltzerOver Her Dead BodyДжефф ЛоуеллThe Miracle of PhilЕндрю ДугласҚысқа фильмDisaster MovieJason Friedberg and Aaron SeltzerDoggie HeavenДжеймс ВанҚысқа фильмBlue Like YouЛаки МакиMeat Dog: What’s fer DinnerДевид СлейдFairy Tale PoliceАдам ГринSparky & MikaelaДжеймс ГаннHumanzee!2009Post Apocalyptic PizzaПитер КонвеллNew in TownДжонас ЕлмерMy Life in RuinsДональд ПетриАтқарушы продюсер2010BuriedРодриго КортесVampires SuckJason Friedberg and Aaron Seltzer2011FlypaperРоб МинкофElephant WhiteПрачья Пинкау2012ATMДевид БруксTrue LoveЕнрико Клерико Несино2013Vehicle 19Mukunda Michael DewilHoursЕрик ХейсерерThe ConjuringДжеймс ВанMindscapeJorge DoradoThe Starving GamesJason Friedberg and Aaron SeltzerBest Night Ever2014AnnabelleJohn R. Leonetti2015The Atticus InstituteChris SparlingSuperfast!Jason Friedberg and Aaron SeltzerDark PlacesGilles Paquet-BrennerАтқарушы продюсерSummer CampAlberto MariniMartyrsKevin Goetz and Michael Goetz2016The ChoiceRoss KatzThe Conjuring 2James WanThe Belko ExperimentGreg McLeanMineFabio GuaglioneWithinPhil ClaydonThe WorthyAli F. MostafaWolves at the DoorJohn R. Leonetti2017Annabelle: CreationDavid F. SandbergThe CrucifixionXavier GensFlatlinersNiels Arden Oplev2018The NunCorin HardyAquamanJames Wan2019Shazam!David F. SandbergAnnabelle Comes HomeGary DaubermanValley of the GodsLech MajewskiАтқарушы продюсер2021The Conjuring: The Devil Made Me Do ItMichael ChavesThe Suicide SquadJames Gunn2022I Want You BackJason Orley2023Shazam! Fury of the GodsDavid F. SandbergBlue BeetleAngel Manuel SotoThe Nun 2Michael ChavesAquaman and the Lost KingdomJames Wan
Дереккөздер
Санат:АҚШ кинопродюсерлері Санат:Принстон университеті түлектері Санат:1965 жылы туғандар