Тарғап (Үлкенбұлақ) — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағадыТопографиялық карта: k-43-032Топографиялық карта: k-43-020. Ұзындығы 44 шақырым. Сипаттамасы
Географиясы Жетіжол жотасының етегінде Дегерес өзенінен бөлініп шығып, солтүстікке қарай ағады да, Мұса өзеніне (Қопа саласы) сол жағынан құядыАлматы облысының картасы .
Су алабының ауданы 352 шаршы шақырым. Жаңбыр, қар суларымен толығады. Суы үнемі сағасына жете бермейді, жауын-шашын аз жылдары жаз мезгілінде Алматы-Тараз тас жолынан өте бере тартылып қалады да, қыс айларында қайта ағыс пайда болады. Жағалауы жайдақ, кең жайылып ағады.
Жағалауы Жағасында Тарғап ауылы бар. Өзен ауылдың ішімен ағып өтеді. Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Іле су алабы