Қарашоқат – Жосалы даласының солтүстігіндегі оқшауланған төбе.
Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласының шығысында 26 км жерде, Сырдария аңғарында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 146 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Ұзына бойы созылып жатқан төбенің беткейі көлбеу келген.
Өсімдігі Құмайтты сұр топырақ жамылғысында боз жусан, еркек шөп, баялыш, бұйырғын, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қармақшы ауданы таулары Санат:Төбелер