Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі — Қазақстан Республикасының Түркістан облысында орналасқан заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Табиғи саябақ Қазақстандағы Тоғай кермаралының популяциясы қалпына келтіріліп жатқан жалғыз саябақ. Сондай-ақ, жартастағы суреттер, сақ дәуіріндегі қорғандар, Отырар қалашығына қатысты археологиялық ескерткіштер бар.
Тоғай кермаралының тәлімбағы Саябақтың аумағында тоғай кермаралының тәлімбағы бар. 2000 жылы WWF қаражаты есебінен Сырдарияның алқабында қаумал салынып, оған 2001 жылдың мамырында алғашқы 3 бұғы әкелінді. Кейінірек тәлімбаққа тағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы бұғылар әкелінді. 2005 жылы Сырдариядағы су тасқынына байланысты бұғылар Шымкент хайуанаттар бағына көшіріліп, жануарлардың бір бөлігі қырылып қалады. Бір жылдан астам уақыттан кейін бұғылар қаумалға қайтарылады. Тәлімбақта қайталанатын су тасқынынан қорғану үшін үйме салынды. 2009 жылы жабайы табиғатқа 10 жануар алғаш рет шығарылды. Одан кейінгі жылдары тәлімбақтан жануарларды шығару жалғасты. 2019 жылдың аяғында «Сырдария-Түркістан» саябағы аумағында 158 бас марал мекендеген: қаумалда 83 және іргелес аумақта 75 бас. 2020 жылы олардың саны 174 дараға дейін өсті: қаумалда 93 және жабайы табиғатта 81 дара.
Тәлімбақтағы маралдарды Сыр бойындағы тоғайлы ормандарға және Қазақстанның басқа аймақтарына қоныстандыру жоспарлануда. 2018 жылы тәлімбақтан 5 бас марал Іле-Балқаш қорығына көшірілді.
+ Саябақтағы тоғай кермаралдарының саны Жыл Саны Жыл Саны 2001 3 2008 29 2009 34 2010 40 2011 46 2012 54 2013 65 2014 81 2015 103 2016 126 2017 135 2018 156 2019 158 2020 174
Филиалдары Сырдария филиалы — 59 901 га Түркістан филиалы — 23 822 га Боралдай филиалы — 36 255 га
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы