Қоңыртөбе – Қызылкөл көлінің солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Дүкен ауылының батысында 33 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 269 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейлік бойлары көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен тілімденген. Солтүстігінде Тікшың тауы, шығысында Соркөл соры, оңтүстігінде Қулыкөл, солтүстік-батысында Доңыздыкөл қоныстары орналасқан.
Өсімдігі Сұр, бозғылт қоңыр топырағында өлең, жусан, күйреуік, бұйырғын өседі. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы таулары