Сұлтан уәйіс тауы (, ) — Әмудария оң жағалауындағы, Қарақалпақстан (Өзбекстан) тау сілемі. Жота Әмудария өзенінің аңғарынан шөлді бөліп тұрған Қызылқұмның шеткі оңтүстік-батысында орналасқан.

Ұзындығы 50 км-ден астам, ені — 25 км-ге дейін жетеді. Жотаның шығысында солтүстік-батысқа қарай батыс бөлігіне өзгеретін ендік созылым бар. Ең жоғары биіктігі 473 м-ге жетеді. Сілем гранодиорит интрузиялары бар кварциттер, гнейстер, мәрмәрлерден құралған тізбектерден тұрады. Оңтүстік және батыс беткейлері тік, солтүстік және шығыс беткейлері — жайпақтау. Шөл ландшафттары басым. Жылдық жауын-шашын мөлшері 80-100 мм. Жылдық температурасы 12-13°, қаңтардың орташа температурасы -5°, -8°, шілденің 26-28°. Тұрақты ағынды су жоқ. Жотадан өтетін аңғарлар жазда мүлдем сусыз, өте ыстық, желсіз келеді.

Санат:Өзбекстан таулары