Қырғыз Республикасының мемлекеттік елтаңбасының () қазіргі нұсқасы 2016 жылы қабылданды. Елтаңба — көбісі көк түспен боялған шеңбер пішінді эмблема. Қырғыз мәдениетінде көк түсі батылдық пен жомарттықты білдіреді. Дизайнының авторлары: Асеин Абдраев және Садырбек Дубанаев.

Сипаттамасы солға|нобай|Бішкектің Ескі Алаңындағы елтаңба Елтаңбаның ресми сипаттамасы:http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/1490 (орысша) (қырғыз нұсқасы бар) cbd.minjust.gov.kg. 4 шілде 2022.

Елтаңбаның көбісін қанаттарын жайған ақ сұңқар алып жатыр. Қырғызша жыртқыш құсты "Ақ шумқар" деп атайды, және ол тазалық пен сыпайылықтың символы болып келеді. Сұңқардың үстінде Алатау таулары және Ыстықкөл көлі бейнеленген. Таулардың төбесінде орналасқан күннің 40 сәулесі Манастың 40 сарбаздарын білдіреді. Бейненің екі бүйірінен мақта-бидай баулары қоршап тұр. Елтаңба дизайнында көп сөз орналаспаған, тек үстінде "ҚЫРҒЫЗ" () және астында "РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған.

Жалпы елтаңба қара көк түсті гамманы сақтайды. Қырғызстан эмблемасы геральдиканың басты ережелерін сақтайды.https://grs.gov.kg/ru/eid/state_symbols/ (ағылшынша) 13 ақпан 2018. Мұрағатталған 14 ақпан

Техникалық егже-тегжейі Үкімет қолданған түстерінің егже-тегжейі: +Түс РегуляцияларыТүсPantoneCMYKRGBHEXҚара көкPANTONE 2945 C100 - 53 - 2 - 160 - 102 - 161#0066a1СарыPANTONE 123 C0 - 29 - 100 - 0253 - 188 - 45#fdbc2dКүмісPANTONE Cool Gray 5 C0 - 0 - 0 - 28195 - 195 - 195#c3c3c3Ашық көкPANTONE 2995 C100 - 0 - 0 - 00 - 175 - 239#00afef

Тарихы Қырғызстанның КСРО заманындағы елтаңбасы басқа республикалардағыдай еді. Сол кезден бері тәуелсіздік алғанымен, кеңестік символиканың элементтері қазіргісінде де бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Мемлекеттік елтаңбалар Санат:Қырғызстан мемлекеттік рәміздері