Магомед Мұсаұлы Адиев (; 30 маусым 1977https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/24117, Грозный) — ресейлік футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Футболшы 1994-2003 жылдары Ресейдің түрлі дивизионындағы командаларында ойнады.

2003 жылы Астананың "Жеңісіне" ауысып, бір маусымдай доп тепті. Сосын Ресей чемпионатына оралды. 2004-2006 жылдары Украинаның "Кривбасс" командасында ойнады.

2009 жылы футболмен қоштасты.

Бапкерлік 2021 жылға дейін Ресей клубтарын жаттықтырды.

2021 жылдың сәуірінде Қарағандының "Шахтерінің" тізгінін ұстады. Маусым барысында УЕФА Конференциялары лигасының плей-офф кезеңіне дейін және Қазақстан кубогының финалына дейін жетті.

2022 жылы сәуір айында Қазақстан құрамасының бас бапкері боп тағайындалды. Сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында төрт кездесуде жеңіске жетіп, В дивизионына жолдама алды. Құрама бұрын-соңды УЕФА қарамағындағы турнирлерде топ жарған емес. Жыл соңында құрамамен келісім шартты 2024 жылға дейін созды.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан жақсы ойнады. Алғашқы төрт турдың үшеуінде қарсыластарын ұтты (сондай-ақ қатарынан үш кездесуде, бұл УЕФА туы астында бұрын соңды болмаған жетістік).

Жүлделері Ойыншы Ресей кубогы (1): 2003/04 Ресей 1 дивизионы (2): 2004, 2007

Жаттықтырушы Қазақстан кубогының финалисі: 2021 УЕФА Ұлттар Лигасының ІІІ дивизионының жеңімпазы: 2022/23

Бапкерлік статистикасы 2023 жылғы 20 маусымға дейін КомандаЕлЖұмысты бастадыЖұмысты аяқтадыКөрсеткішОЖТҰтСДЖД+-% ЖеңісТерек-27 маусым 201331 мамыр 20179020304084117 -3322,22Легион Динамо13 маусым 201729 желтоқсан 2017198471817 +142,10Анжи4 маусым 201826 мамыр 20193266201552 -3718,75Чайка14 қаңтар 20195 ақпан 2021311011103339 -632,26Шахтёр16 сәуір 202126 суәір 202238179127047 +2344,74Қазақстан құрамасы Қазақстан27 сәуір 2022107141714 +365,00Бары220686193237286-4930,00

Дереккөздер

Санат:Ресей футболшылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Анжи ФК ойыншылары Санат:Сокол ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары Санат:Анжи ФК жаттықтырушылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары