Жоғарғы Силезия шабуылы — Ұлы Отан соғысы барысындағы ірі шабуыл операцияларының бірі.

1945 жылы Еуропа жерімен алға жылжыған 1-ші Украин майданының әскерлеріне оңтүстік жақтан төнген қауіпті жою үшін Силезия аймағын фашистерден толықтай босату керек болды. Бірақ Жоғарғы Силезияда немістердің қорғаныс шептері аса мықты болды, ал жерлері миналарға толы болды.

Операция барысы 15 наурызда 40-минуттық артиллериялық дайындықтан кейін 1-ші Украин майданының әскерлері шабуылға шықты. Бірінші күнінде 7-ші механикаландырылған корпус өз танктерінің ¼ жоғалтты, ал 31-ші танк корпусының әр үшінші танкысы жойылды.

18 наурызда 10-шы танк корпусының және 7-ші механикаландырылған корпустың күштері Нёйштадт қаласында тоғысып, немістердің төрт дивизиясын қоршауға алады.

24 наурызда 21-ші мен 4-ші танк армиялары Нейсе қаласын басып алды.

31 наурызда Қызыл Армия Ратибор қаласын жаулап алды. Бұл операцияның соңғы күні болды.

Нәтижелері Жоғарғы Силезия шабуылы Нацистік Германияның әскери-экономикалық потенциалын әлсіретуге зор ықпал жасады.

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:1945 жыл