Сарымсақты – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміндегі тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Қоңыр ауылының шығысында 2 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1980 м. Ұзындығы мен ені шамамен 12–15 км. Оңтүстік беткейі көлбеу, Тентек өзеніне тірелетін батыс беткейлі құлама жартасты келген. Тау басы доғал, солтүстік беткейі тік жартасты, мұнда сирек орман шоғырлары кездеседі. Шығыс баурайымен Орта Тентек өзені ағып өтеді. Тау баурайы, өзен аңғарлары мал жайылымына жəне шабындыққа пайдаланылады.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төменгі тас көмір дəуірінің саздақты тақтатас, құмтас жыныстарынан түзілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы