Саумалкөл – Шідерті алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының оңтүстігінде 8 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 419 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,1 км2, ұзындығы 5,3 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 13,4 км. Көлдің батыс, оңтүстік жағалаулары жарлауытты келген. Айдын жағалауының басым бөлігін қамыс басқан. Шығыс, солтүстік-шығысын батпақты-шалшықты жерлер алып жатыр. Көл түбі кедір-бұдырлы, онда 10-15 см тұнба шөккен. Шарасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Қараша айының 1-жартысында суы қатып, сəуірдің ортасында ериді. Көлге Жыланды жəне Сарымсақ тауларынан бастау алатын бұлақ сулары құяды. Атырабы шабындық жəне мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері