Атони — Индонезия (Тимор аралының батысы) және Шығыс Тимордағы Амбон-Тимор халықтарының бірі. Халқы 605 мың адам, оның 600 мыңы Индонезияда тұрады. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Атони
Тілі Атони халқы даван тілінде сөйлейді.
Діні Халықтың жартысына жуығы христиандықты (протестантизм) ұстанады. Кейбіреуі мұсылмандар (сунниттік наным), қалғандарының дәстүрлі діндерді ұстанады.Атони халықтары. Индонезия және Тимор аралы. https://goturist.ru/narod-atoni/
Кәсібі |оңға|300px| Негізгі кәсіптері қолмен атқарылатын егін шаруашылығы (жүгері, күріш, бұршақ, бұрыш, көкөніс, жемістер), мал шаруашылығы (буйвол, ұсақ мал, шошқа, жылқы), бал, балауыз өндіру және сатуға арналған бағалы ағаш түрлері, шайырлар, табиғи бояулар. Олар сондай-ақ аңшылықпен, өзендерде балық аулаумен, қолөнермен (тоқымашылық, өру, ағаш өңдеу) айналысады. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Атони
Мәдениеті Атонилер өздерінің фольклорын сақтайды, ауызша тарихты, ертегілерді, аңыздарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Отбасылары әдетте шағын. Туыстық, мұрагерлік аналық жағы арқылы жүзеге асады. Киімдерден атонилер саронгтарды киеді (Шығыс Азия мен Океанияда кең таралған киім түрі). Мереке күндері олар кебая, өрнекті орамал, ұлттық бажу жемпірін кие алады.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары