Аквапимдер (аквапем, акуапем, тви) — Гананың оңтүстігіндегі акан тобының халқы. Аккра қаласының солтүстігінде, Вольта және Денсу өзендерінің арасында орналасқан . Саны 650 мың адам (1992).

Тілі Тілдері аквапим, ашанти және ахем тілдері, көбінесе чви (тви) тілінің диалектілері ретінде қарастырылады.

Діні Аквапиндер – христиандар (пресвитериандар, методистер, католиктер, африкалық православие шіркеуінің ізбасарлары), афро-христиандық культтерді ұстанушылар, ахмадия сектасының мұсылмандары, шамамен 3%-ы дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Тарихы Аквапимдер 17 ғасырдың басында солтүстік-батыстан Гананың оңтүстігіне көшті. Олар жергілікті черепон және гуан халықтарын ассимиляциялап, 1640-1730 жылдары аквамның салық төлеушісі болған және 1742-1826 жылдары Ашанти конфедерациясының құрамында болған Аквапим тайпалық одағын құрды.

Кәсібі Негізгі кәсібі – егіншілік (ямс, маниок, күріш, тары, құмай, жүгері, банан, майлы пальма өсіру), ұсақ мал мен құс өсіру, ұсталық, керамика, ағаш ою. Қазіргі уақытта көпшілігі какао және кофе өсірумен айналысады.Энциклопедия народов мира. Аквапим

Тұрмыс салты Аквапимдердің дәстүрлі қоғамдық ұйымының негізін ауылдық қауымдар (нкура), көп балалы отбасылар (фиефо), матрилинейдік рулар (абусуапон) және нторо патрилаттық институты құрады, олардың негізінде әскери рәсімдер (асафо) қалыптасты. Аквапимді көсем (оманхене) және ауылдық қауымдар басшыларынан құралған ақсақалдар кеңесі басқарды. Дәстүрлі өмір салты, материалдық мәдениеті және әлеуметтік институттары Ашантидікіне өте жақын.

Дереккөздер

Санат:Гана халықтары