Юн Сок Ёль (, 18 желтоқсан 1960 жыл, Сеул) — Оңтүстік Кореялық саясаткер, бұрынғы прокурор, заңгер, 2022 жылғы 10 мамырдан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін Корея Республикасының президенті. Юн 2019 бен 2021 жыл аралығында, Мун Чжэ Ин президент болған тұста Бас прокурор болып қызмет атқарды. 2024 жылғы импичментінен кейін өкілеттігі тоқтатылды.
Сеулде дүниеге келіп, Сеул Ұлттық Университетін тәмамдаған. Юн Оңтүстік Кореяның Бас прокуроры болғанда бұрынғы президент Пак Кын Хені билігін асыра пайдаланды деп айыптау ісін жүргізуде маңызды рөл атқарды. 2022 жылы болған сайлауға консерватив Халық күші партиясының атынан түсіп, демократтар партиясынан шыққан Ли Чжэ Мёнді жеңіп шықты.
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік Корея саясаткерлері Санат:Оңтүстік Корея заңгерлері Санат:Оңтүстік Корея президенттері