Қарасеңгір – Семейтау тауларының батысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 394 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, оңтүстік және шығыс бөлігі тізбектелген аласа шоғырларға ұласады. Солтүстігінде Үшарал жайлауы мен Көкжартас қыстауы, оңтүстігінде Егінші, Қарағандайық қыстаулары, батысында Шұға көлі бар.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, бұта, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965- 893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы таулары