thumb|right|200px|Суб-Сахаралық Африканың негізгі шекарасы thumb|right|200px|UNESCO және Араб лигкасы бойынша Суб-Сахаралық Африка елдері көк реңмен көрсетілген. Суб-Сахаралық Африка (, әдетте Сахараның оңтүстігіндегі Африка деп те аталады) — географиялық тұрғыда Сахара шөлінің оңтүстігінде жатқан Африка материгі бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша, Суб-Сахаралық Африка әдетте Сахараның толық немесе ішінара оңтүстігінде орналасқан барлық Африка елдері мен аумақтарын қамтиды.Political definition of "Major regions", according to the UN. 15 December 2010 Бір ескерерлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Африкаға арналған геосхемасы Суданды Суб-Сахаралық Африка анықтамасына қоспайды, ал Африка Одағының анықтамасы Суданды Суб-Сахаралық Африка анықтамасына қосады, бірақ есесіне Мавританияны Суб-Сахаралық деп есептемейді.

Дереккөздер

Санат:Африка тарихы Санат:Африка аймақтары