Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев (19 шілде 1979, Шиелі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан) — қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер. «Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі. «Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.
Өмірбаяны Қыпшақ руының Қарақойлы бөлімінен шыққан. Білім алуы Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келгенНұрлан Қоянбаев енді кинопродюсер. 1996 жылы жергілікті орта мектепті үздік бітіріп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетіне оқуға түсті. Университетті 2000 жылы бітірген. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында (қаржы және несие факультеті) оқыды. 2012-2015 жылдары қайтадан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алып (халықаралық қатынастар факультеті), магистратураны бітірдіНұрлан Қоянбаев - Нурлан Коянбаев.
Мансабы Ол КВН ойындарына сәтті қатысып жүрді. Ол «Астана.kz» (кейінірек - «Қазақтар») КВН Жоғары Лигасы командасының капитаны болды. 2003 жылы ол Қазақстанның ең үздік КВН ойыншысы деп танылды"Неслиханмен көрші болдық": Нұрлан Қоянбаев Түркиядағы өмірі туралы айтып берді және 2006 жылы Ресейдің ең үздік КВН ойыншысы ретінде танылды.
2000 жылдардың басында Нұрлан Қоянбаев қазақ теледидарында штаттан тыс сценарист ретінде жұмыс істей бастадыНурлан Коянбаев показал, как делают «Бизнес по-казахски . Ол бірқатар ойын-сауық теледидарлық жобаларына қатысты: «Алматы - менің алғашқы махаббатым», «Намыс Дода», «Тойбастар», «Қызықстан», «Қызық радиосы», «Шатакхана». Ол «Қыздар-ай», «Қазақша концерт», «Әнгіме болсын», «Әзіл студия» эскиздік шоу, «Ризамын» - жасырын камерасы бар шоу-бағдарламалардыңНурлан Коянбаев намерен выдвинуть свою кандидатуру на внеочередных... авторы және продюсері болды. 2013 жылы 14 қазанда ол «Qazaqstan» телеарнасында «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының тележүргізушісі болды. 2017 жылдың ақпанында ол Қазақстан РТРК бас продюсері болдыНурлан Коянбаев высказался о своих доходах, поддержке в семье и идеях для развития страны (видео).
2016 жылы ол «Қазақша бизнес» фильмінің бас продюсері болды, онда ол да басты рөлдердің бірін ойнадыНурлан Коянбаев — Forbes Казахстан. 2017 жылы фильмнің жалғасы «Қазақша бизнес Америкада» жарыққа шықты. Оның түсірілімдері Алматы мен Лос Анжелесте өттіКиномиллиардер Нурлан Коянбаев снова обогнал Голливуд.
2017 жылдың соңында ол Forbes Kazakhstan журналы құрған шоу-бизнес және спорт жұлдыздарының тізімінде төртінші орынға ие болды. Газеттің бағалауы бойынша оның жылдық кірісі 500 миллионнан астам теңгені ($1,5 млн) құрады. Нұрлан Қоянбаев - «Kazteleproduct» ЖШС құрылтайшысы және «Большая 8осьмерка» ЖШС-нің тең иесі болдыПодборка материалов по теме «Нурлан Коянбаев» — Forbes Казахстан.
Жеке өмірі Әйелі - Әйгерім, екі баласы - қызы Нұрай және ұлы НұрсейітСемьи казахстанских КВНщиков . Ол футбол ойнауды және саяхаттауды жақсы көредіКак выглядят мамы казахстанских знаменитостей.
Фильмография ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлі2016Қазақша бизнесБизнес по-казахскиЖомарт Канатович2017Қазақша бизнес АмерикадаБизнес по-казахски в АмерикеЖомарт Канатович2018Таиландтағы демалысКаникулы в ТаиландеАсхат2018Қазақша бизнес АфрикадаБизнес по-казахски в АфрикеЖомарт Канатович2019Қазақша бизнес КореядаБизнес по-казахски в КорееЖомарт Канатович2020Менің махаббатым - АйсұлуMy love is AisuluСанжар2021Қазақша бизнес ТүркиядаБизнес по-казахски в ТурцииЖомарт Канатович2022I go to schoolI go to school
Марапаттары «Нұр Отан» партиясының марапатыНурлан Коянбаев - Brod.kz
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері