Қызыладыр – Павлодар облысы Май ауданындағы оқшауланған тау.

Географиялық орны Баянауыл тауларының шығысында 55 км, Жаңа Ақшиман ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 296 м. Күрделі пішінді таудың ұзындығы мен ені 2-2,5 км-дей. Оңтүстік беткейі көлбеуленіп далаға ұласып кетеді.

Өсімдігі Элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатқан қара топырағында бетеге, боз, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Батысы мен шығысында шағын тұзды көлдер жатыр. Оңтүстігінде бірнеше қыстаулар орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Май ауданы таулары