Қарашоқы – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Татан ауылының оңтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 899 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Таудың көлбеу беткейінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Бесалаң, Бестамақ қоныстары, оңтүстігінде Әтембеттоған бұлағы мен Итбас тауы, батысында Ақбиік (868 м) тауы бар.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары