Сарықұлжа – Ұзынтау тауларының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті темір жол стансасынан батысқа қарай 95 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 993 м, Ұзынтау тауларының ең биік жері саналады. Таудың ұзындығы 3 км, ені 2 км. Гранит, құмтас, порфир жəне тақтатастан түзілген беткейлері тік жартасты келген. Батыс етегімен Шажағай өзені ағып өтеді. Тау басы шоқы тəрізді сүйір келген. Пролювийлі-делювийлі етегінде қорымтас үйінділері кездеседі.

Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, изен, күйреуік, т.б. шөптесіндер өседі. Таудың шығыс етегінде бұлақ көздері кездеседі. Алабы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары